Байтуған ЖББМ кітапханасы оқырман назарына 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған "Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана" атты кітап көрмесін ұсынады.

Көрмеге аналарымызға тарихымызда аты қалған тарихи тұлғалар мен ақын - жазушы, әнші және атақты актриса апаларымыз туралы кітаптар қойылды. Балаға тәрбие беруден бастап қоғамның кез келген салаларында да ойып орын алған аналарымыз жетерлік. Осы ретте жанқиярлық ерлігімен, талайды тәнті еткен өнерімен, ақыл-парасатымен ел есінде мәңгі сақталатын Қазақ әйелдерінің өміріне қатысты кітап беттеріндегі қызықты деректер топтамасы кітап көрмесіне қойылған басылымыдар арқылы оқырмандар назарына ұсынылды.