"Цифрлық әлем" апталығы
Апталықтың соңғы күні 5-9 сыныптар арасында «Код сағаты» сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты: оқушылардың жасанды интеллект көмегімен шығармашылыққа жетуіне мүмкіндік беру.Сонымен қоса 9 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасындағы жаңа мамандықтар мен құзыреттіліктер атласы түсіндірілді. Апталықтың соңғы күні, апталыққа белсене қатысқан оқушылар сертификаттарын алып, жеңімпаз оқушылар марапатталды. «Код сағаты» жобасына қатысқан оқушылардың барлығы сертификатқа ие болды.