"Қиял-ғажайыптар әлемі"
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнер туындыларын эстетикалық қабылдау және түсіну үшін кеңістіктік орта құру негізінде қоршаған әлемге эстетикалық қатынасты қалыптастыру.
Міндеттері:
- эстетикалық сауаттылық апталығының іс-шараларын дайындау, ұйымдастыру және өткізу арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру;
- тәрбиеленушілерді өзіндік шығармашылық іс-әрекетке тарту, өнердің әртүрлі түрлері: ауызша, музыкалық, бейнелеу, табиғат әлемі қызығушылықтарын арттыру;
- өнер түрлері туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру;
– мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық қасиеттерін, әдемі сезімдерін қалыптастыру үшін, тәрбие-білім беру процесінің барлық қатысушыларымен біріктіру.
Пушкин НОМ-де Апталықтың ашылуы."Қиял-ғажайыптар әлемі" сурет көрмесі. «Әйнектегі өрнек» ,«Бояулармен ойын », «Қардан түрлі бейнелер жасау» ҰОҚ, «Қардың қорғаныш қасиеттері» эксперимент өткізілді.