Егемен еліміздің ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Егемен еліміздің ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің маңызы қашан да зор болмақ. Ата-бабаларымыздың қанымен, асыл аналарымыздың көз жасымен келген Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай.
Осындай маңызы бар тарихи мерекеде еліміздің көк туы көк аспанда мәңгілікке қалықтасын, қазақ елі көркейе берсін. Қазақ жерін мекендеген әрбір отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында толағай табыс тілеймін.
Тоймбетова Айгерим Тулеутаевна
Пушкин негізгі орта мектебінің директоры