"Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы"
Пушкин негізгі орта мектебінде қараша айында "Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы" мектеп асханасының жұмысын тексерді. Мед.бике тамақтың сапасын, ас мәзіріне сәйкестігін күнделікті қадағалауда. Комиссия мүшелері апта сайын мектепке жеткізілген өнімдердің жарамдылық мерзімін, азық-түліктің сапасын тексеріп, қолданысқа беріп отырады. Асхананың тазалығы санитарлық нормаларға сай. Балаларға тамақ дәмді әрі ыстық күйінде беріледі.