back-image
"Пушкин негізгі орта мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Пушкин негізгі орта мектебі" КММ
"Әже"
17-11-2023 11:29

Әже - баланың әкесінің, сондай - ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі.

  Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайынның бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Ұлы адамдардың өзі осы әжелерден үлгі алған. Абайдың өзі кішкентай кезінен әжесі Зеренің ертегілерін тыңдап өскен. Шоқан да әжесінің өнеге сөздерін күнделік дәптеріне жазып қойғандығы естеріңде ме? Ол қандай өнеге сөз еді? «Байлық та, бақыт та тиянақсыз, ең тиянақты қасиет – өнер - білім»
   Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын – ел анасы әжелерді құрметтей білу. Осындай салт - дәстүрді сақтап, кейінгі ұрпаққа отбасының, ағайын - туыстың бірлігін сақтайтын тәрбиеші, әрі ақылгөйі, тілеуқоры – әжелерді қадір тұтуға үйрету. Балалардың әжелерден естіген ақыл сөздерін, істерін есте сақтай отырып, танымын кеңейту, ұлтына жанашыр, ұрпақ тәрбиелеу мақсатында  Пушкин НОМ-де апталықтың соңғы күні Балалар кітабы апталығының шеруі кітап көрмесі, «Әженің сандықшасының құпиялары» ойын, Ата-аналармен жұмыс:
«Буккросинг» оқыңыз және досыңызға ұсыныңыз кітап алмасу  тақырыптары ұйымдастырылды.
Новости