«М.Сүлейменов атындағы тірек мектеп (РО)» КММ-де 11-сынып оқушылары арасында «Адал азамат – асыл қасиет» атты 10 минуттық қауіпсіздік сабағы өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және қоғамда адал өмір сүрудің маңыздылығын түсіндіру болды.Оқушылар адалдықтың мәні, адал азамат болудың жолдары, сондай-ақ күнделікті өмірде өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау жайлы өз ойларын ортаға салды. Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, өмірлік мысалдар келтіріп, пікір алмасты.
«Адал азамат – асыл қасиет» атты 10 минуттық қауіпсіздік сабағы