2026 жылдың 25 қарашасы күні Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте «Адал ұрпақ» жобасының «Таза қолдар – таза ар-ұждан» акциясы аясында 5–6 сынып оқушылары арасында сурет және плакаттар байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дәріптеу.
Байқауға қатысушылар өз туындыларында адал еңбек, таза ар-ұждан және әділ қоғам тақырыптарын шығармашылық тұрғыдан бейнелей білді. Оқушылардың үздік жұмыстарынан мектеп фойесінде арнайы көрме ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды.
#АдалҰрпақ #ТазаҚолдарТазаАрҰждан #БіртұтасТәрбие #АдалАзамат #КәрімМыңбаевЖББМ СуретБайқауы
«Адал ұрпақ» жобасының «Таза қолдар – таза ар-ұждан» акциясы аясында