“Адал азамат, Адал еңбек-Адал табыс“
02.11.26 жылы 7-8 сыныптармен “Адал азамат, Адал еңбек-Адал табыс“ тақырыбына сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаттары:
Оқушыларға адалдық, жауапкершілік, ар-ождан және адал еңбек пен табыстың маңыздылығын түсіндіру; «Адал азамат» ұғымының мәнін ашу. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, өз ойын эркін әрі жүйелі жеткізу, адал мен арамды ажырата білу қабілеттерін дамыту; еңбекқорлық пен өзін-өзі дамытуға деген ынтасын арттыру.
Оқушыларды отансүйгіштікке, адалдыққа, біреудің еңбегін бағалай білуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және өз елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Сынып жетекші: Мустафина К.С