«Заң мен тәртіп – қауіпсіз болашақ кепілі» атты жедел-профилактикалық іс-шаралар жоспары аясында, сондай-ақ «Жан-жақты құқықтық тәрбие» бағдарламасы шеңберінде Нұра ауданы полиция бөлімінің ҚҚБ УПИ полиция капитаны Ш.О. Мадин К.Мыңбаев атындағы ЖББ мектебінің 8–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингтің зияны, нашақорлық пен есірткі қылмыстарының таралуы, сондай-ақ қоғамдағы басқа да құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау және жеке жауапкершілікті сезіну қажеттігі туралы ақпарат берілді.

