Кәсіптік бағдар беру сабағы
02.04.2026 ж күні 9 «А» сынып оқушыларымен
«Колледж немесе университет: қайсысын таңдаған дұрыс?» тақырыбында сабақ өткізілді. Мақсаты:
Оқушыларға болашақ мамандықты таңдауда дұрыс бағыт беру, колледж бен университеттің ерекшеліктерін түсіндіру және саналы шешім қабылдауға жетелеу.
Сабақ барысында оқушылар өз пікірлерін білдіріп, белсенді қатысып, маңызды сұрақтарға жауап алды.