Ұлттық мәдениет – ұлттың рухани қазынасы
Ұлттық мәдениет – ұлттың рухани қазынасы
Мектебімізде оқушылардың шығармашылығын дамыту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Ұлттық мәдениет» тақырыбында қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде оқушылар қазақ халқының бай мәдениетін бейнелейтін түрлі қолөнер бұйымдарын, ұлттық нақыштағы ою-өрнектер мен шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Әрбір туындыдан ата-бабамыздан қалған асыл мұраға деген құрмет пен қызығушылық айқын байқалды.
Осындай шаралар жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, мәдени мұрамызды қадірлеуге тәрбиелейді.
Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат!