«Адал болу – арлы болу»
12.01.2026 жылы 4 «А» сыныбында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы жоспарына сәйкес «Адал болу – арлы болу» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға адалдық, ар-ұят, жауапкершілік сияқты адами құндылықтардың маңызын түсіндіру, жағдаяттар арқылы өз көзқарастары мен пайымдауларын білдіруге үйрету, адам бойындағы жақсы қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында оқушылар «Адалдық» ағашына жапырақта жазылған адами құндылықтарды сәйкестендіріп, олардың мағынасын түсіндірді. Берілген жағдаяттар бойынша өз ойларын айтып, талдау жасап, адалдық пен арлылықтың адам өміріндегі орны туралы пікір алмасты. Тақырып оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға, дұрыс шешім қабылдай білуіне ықпал етті.
Сынып жетекші: Әлмағамбет А.М.