«Жаңа жылдық тарту»
Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу мақсатында 22.12.2025ж сынып жетекші Әлмағамбет А.М 4”А” сыныбының білімалушыларымен
«Бірлік және ынтымақ» құндылығы»
«Жаңа жылдық тарту» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағаты барысында оқушыларға әр елдің жаңа жылдары және оны қалай қарсы алатындары туралы мағлұмат берілді. Қызықты ситуациялық сұрақтарға жауап берді, келе жатқан Жылқы жылының құттықтау видеосын көрді.
Сонымен қоса “БЕЙТАНЫС АДАМҒА КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ БОЛА МА?»тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Сабақтың мақсаты: бейтаныс адаммен байланыс кезіндегі қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылар сұрақтар бойынша топтық жұмыс жасады.