back-image
"Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Қауіпсіздікпен сенімнің негізін қалаймыз»
03-11-2025 23:47
«Қауіпсіздікпен сенімнің негізін қалаймыз»

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сай  24.10.2025ж 4 «А» сынып оқушылары мен ата-аналарымен бірлесе отырып, «Қауіпсіздікпен сенімнің негізін қалаймыз»тақырыбында сынып жетекші Әлмағамбет А.М. ата-аналар жиналысын өткізді.Мақсаты: бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналардың арасында өзара сенімді қарым-қатынас орнату, балалардың қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру,эмоцияларды саналы қабылдау және оларды реттеу дағдыларын дамыту;отбасындағы және мектептегі қауіпсіз мінез-құлық ережелерін еске салу.  Сынып жетекші қатысушыларды қарсы алып, жиналыстың мақсаты мен маңыздылығын түсіндірді. Балалар мен ата-аналар «Жылы шеңбер» жаттығуын орындап, “Мен өзімді қауіпсіз сезінемін, егер...” деген сөйлемді жалғастыру арқылы пікірлерін білдірді.”Сенім көпірі” ойыны арқылы ата-ана мен бала арасындағы сенімділік тексерілді. «Эмоциялар дөңгелегі»жаттығуы арқылы оқушылар мен ата-аналар алдарында тұрған эмоциялары бар карточкаларға қарап, қазіргі жағдайларын дәл көрсететін біреуін таңдап, содан кейін осы эмоцияны не үшін таңдағандарын кезек-кезек айтты. Сонымен қатар «Денедегі эмоциялар» жаттығуымен «Ойлар эмоцияларға қалай әсер етеді» жаттығулары өте қызықты өтті. Эмоциялар бізбен мәңгі қалмайды.Олар бұлттар сияқты келеді-кетеді. Ауыр эмоцияларды қалай босатуға болатынын «Эмоциялар  бұлты» техникасы арқылы елестетіп,содан кейін қатысушылар өз сезімдерін сипаттады. Жиналыс соңында «Менің қауіпсіздік уәдем» атты сергіту жаттығуы өткізілді. Әр бала өз ата-анасына қарап: “Мен өз қауіпсіздігімді сақтаймын, себебі мен отбасым үшін қымбатпын” деп айтты. Сынып жетекшісі барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, қауіпсіздік пен сенімнің бала тәрбиесіндегі рөлін ерекше атап өтті.Жиналыс жылы, ашық атмосферада өтті. Ата-аналар мен оқушылар өзара пікір алмасып, қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі қағидаларын талқылады. Оқушылар қауіпсіздік туралы білімдерін бекітіп, ата-анамен қарым-қатынаста сенім мен қолдаудың маңызын түсінді.

Новости