Күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік
20 қазан күні Касымбекова А.И.9-сынып оқушыларымен күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы әңгіме (инструктаж) өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға жолда жүру, электр және өрт қауіпсіздігі, тұрмыстық жарақаттардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық орындардағы тәртіп сақтау ережелері түсіндірілді.