Мектебімізге Кәрім Мыңбаевтың есімі берілгеніне 30 жыл

Бүгін мектебімізде айтулы іс-шара өтті. Биыл мектебімізге халқымыздың көрнекті ғалымы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Кәрім Мыңбаевтың есімі берілгеніне 30 жыл толып отыр.
Мерекелік шараға арнайы қонақтар келіп, мазмұнды баяндамалар жасады. Атап айтсам: Биология ғылымдарының докторы – Әйіп Рашитұлы. Тарих ғылымдарының кандидаты– Жабай Нұрмақұлұлы Қалиев.
Алқа радиосының директоры, танымал ақын – Серік Мықтыбекұлы Сейтман.
Сондай-ақ, Кәрім Мыңбаевтың немере қарындасы Мыңбаева Гүлайым Хамзеқызы.
Ақмола облысы Степногорск қаласы А. Құнақбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясынан келген тарих пәні мұғалімі – Аяған Нұржан Алдонғарұлы және оқушысы Смагулова Зарина Даруеновна
Сондай- ақ, Кәрім Мыңбаевтың тұңғыш ұлы Джафар Мыңбаев және қызы Алла Мыңбаева АҚШ-тан видеоқұттықтау жолдады.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әсіресе, мектеп мұражайы қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырып, жоғары бағасын алды. Бұл күн – мектеп тарихындағы айрықша белес және жарқын бет болып есте қалады.