«Менің Отаным – Қазақстан»

02.09.2025 жылы 5–6 сынып жетекшісі Бижан А.А. оқушылармен «Менің Отаным – Қазақстан» атты тәрбие сағатын өткізді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен табиғатын таныстырып, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезім қалыптастыру болды.
Оқушылар мемлекеттік рәміздер туралы мәлімет алды. «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында ой бөлісіп, туған жердің байлығы мен табиғаты жайында пікірлерін білдірді. Сонымен қатар бейнеролик арқылы еліміздің әсем жерлеріне саяхат жасады.
Қауіпсіздік сабақтары аясында 5-сынып оқушылары «Төтенше нөмірлерді», ал 6-сынып оқушылары «Жедел қызмет нөмірлерін» жаттап, олардың маңызын талқылады.
Бұл тәрбие сағаты оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, Отанға деген сүйіспеншілігін нығайтып, өз пікірін еркін айтуға үйретті.