back-image
"Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Жасыл мектеп» жобасы
16-04-2024 08:08
«Жасыл мектеп» жобасы
Сәуірдің 15-і күні «Жасыл мектеп» жобасы аясында,  9 А сынып  жетекшісі Г.А.Тулеуова  «Жер –Ананы жасыл етіп сақтайық!» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты:оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы табиғатты, қоршаған ортаны аялауға баулып,табиғат пен адам арасындағы байланыс, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы түсінік беру.Осы мақсатта  оқушылар «Елбасы Жолдауындағы» «Жаһандандыру және күрделене түскен әлемдік бәсекелестік жағдайда қазақстандықтар адам дамуының басты салаларындағы таза ауыз су және табиғатты қорғау мәселелерін шешу адамдық және азаматтық борышы екендігін адамгершілік қасиетпен сезінуі тиіс» деген пікіріне өз ойларын білдірді. Оқушылар «Табиғатпен тілдесу» бөлімінде қарасөзбен, позэзия тілімен өз шығармашылықтары арқылы табиғатпен  тілдесті.«Көгілдір қазына» 
дегеніміз не?Тіршіліктің тірегі не? деген сұрақтарға жауаптарын,мақал-мәтелдермен дәлелдеді.«Күн райын бақыла!» кезеңінде ата-бабаларымыздың табиғат құбылыстарына қарап ауа-райын қалай болжағаны туралы ақпараттармен бөлісті.«Жасыл желек дауасы» бөлімінде жасыл желек пайдасының маңызы зор екендігіне тоқталып,оқушылар
1. Жерімізді таза ұстауымыз керек!
2.Көгалдандыруымыз керек!
3. Жер - Ананы сүйе білу, оны аялай білуіміз керек!
4. Жер - Ананың байлығын  орнымен пайдалануымыз керек!
5. «Ауаны ластанудан сақтауымыз  керек!» деген қорытынды жасады.
Сабақ соңында  оқушылар шара мақсатына сай сынып бөлмесіндегі жасыл желекті көбейту үшін  гүл отырғызды.
Новости