Бейбітшілік – ел тілегі
4-қазақ сыныбында
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бейбітшілік – ел тілегі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: 1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Сынып сағатында оқушылар тақырыпқа сай мәліметтер алды. Өзара пікірталасқа түсіп, өз ойларын ортаға салды. Жұпқа бөлініп , “Бірлік бар жерде, тірлік бар” тақырыбында сурет салып жарысты. Сонымен қатыр, әртүрлі платформаларды тапсырмалар орындады.