Демалыста кітап оқимыз
            
            
                        Мектеп балалары ауыл кітапханасына саяхат жасады. Барған бойда сүйікті шығармалары ретінде қазақстандық жазушы Бердібек Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат",ертегі кітаптарын оқып өзара талқылады.Кітаптың құндылығы мен оқудың маңыздылығына мән берген оқушылардың "Демалыста кітап оқимыз" республикалық челленджіне бастамашылық етті және оған барлық оқушыларды қатысуға шақырды.