back-image
КГУ "Каракойынская общеобразовательная школа"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Каракойынская общеобразовательная школа"
Әлеуметтік желідегі алаяқтыққа жол бермеу
25-04-2024 08:33
Әлеуметтік желідегі алаяқтыққа жол бермеу

      Бүгін біз оқырман игілігі үшін гаджеттер арқылы жасалатын жаңа алаяқтық туралы ақпараттармен бөліскелі отырмыз. Мұны өзіңізге жақын адамдарға да жіберіп, сақтандырып қойғаныңыз артық болмас. Себебі, соңғы уақытта смартфондар мен телефонға арналған түрлі қосымшалар дами түсіп, ғаламтордағы алаяқтардың да айла-амалы, жымысқы әдістері көбейіп жатыр. Сәйкесінше айналамыздағы көптеген адам аңдаусызда айлаға түсіп, бармақ тістеп қалуда.Сол арампиғылдылар сан соғып қалғандардың санын арттыру үшін тағы бір әдіс ойлап тауыпты. Бүл қандай әдіс? Алаяқтықтың жаңа түрінен қалай сақтануға болады? Аталған сұрақтардың жауабын осы мақаладан біле аласыз.

      АЛДЫМЕН, АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ЖАЙЛЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП, ДҰРЫСТАП ТҮСІНІП АЛЫҢЫЗ. Алаяқтықтың жаңа түрімен айналысып жүргендер өзіміз күнделікті қолданатын «WhatsApp» және «Telegram» әлеуметтік желілерін пайдалана отырып, адамдарды алдайды. Яғни белгілі бір тұлғаның жеке аккаунтына сілтеме (ссылка) түріндегі зиянды бағдарламаны (программа, приложение т.б.) хат арқылы жібереді. Бірақ, ол хабарламада қандай да бір байқауға қатысушыға дауыс беру, сыйлық ұсыну, ұтыс ойынына қатысу немесе өзге де бағыттарға арналған мәтін жазылуы мүмкін. Сұрақ-жауап, сауалнама түрінде келетін хабарламалар да кездеседі.

Ескерту!
ERNUR.KZ порталында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпараттық порталдың меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде негізгі мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде ERNUR.KZ сайтына гиперсілтеме көрсету талап етіледі. Осы мәеле бойынша участкелік инспектор мектебімізде түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Новости