"Зорлық - зомбылықсыз 16 күн" акциясы өтуде.
Қазіргі күнде тұрақты проблемалардың бірі отбасындағы зорлық зомбылық мәселесі.
Зорлық-зомбылық құқықта – бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы деп айтылған.
Мысалы тән азабын шектіретін зорлыққа – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып соғу, денесіне зақым келтіру жатса,жан азабын шектіретін зорлыққа – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік-жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер етуі жатады. Психологиялық зорлық-зомбылық балаға көңіл бөлмеу, еркіндігін шектеу, кері итеру, баланы қорқыту, баланың мінезіне ықпал етуі және т.б. Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін біріншіден, жақындары, мектеп мұғалімдері, психологтар, ата-аналар атсалысуы керек. Зорлық-зомбылықтың алдын алу, халықтың арасында құқықты түсіндіру, барлық адамдарға құрметпен қарау қөзқарасын қалыптастыру басты міндет.Тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесін дамыған мемлекеттердің өзі жеңе алмай келеді. Бұл құбылысты тоқтату жолдарын қоғам шешуге тырысады. Аталған өзекті жайт туралы тек акция қарсаңында ғана емес, күнделікті айтылу керек, – дейді шара ұйымдастырушылары.