back-image
"Қарой жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Қарой жалпы білім беретін мектебі" КММ
Mental Health цифрлық платформасы
21-09-2026 16:09
Mental Health цифрлық платформасы
Mental Health цифрлық платформасы – сынып жетекшісінің сенімді көмекшісі!
 
Мектебімізде сынып жетекшілеріне арналған цифрлық платформаны пайдалану бойынша каскадтық оқыту отырысы өтті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары м.а. Жармағанбетова А.С. мен Есмағанбетова С.Ж. сынып жетекшілерге цифрлық платформаны қолданудың әдістемелік нұсқаулығы мен жұмыс бағыттарын егжей-тегжейлі түсіндірді.
 
???? *Семинардың негізгі түйіні:*
Платформада жұмыс істеу — жай ғана батырмаларды басу емес, дұрыс әрекет реттілігін қалыптастыру:
байқау/тіркеу ➡️ әрекет жасау ➡️ қажет болған жағдайда ақпаратты маманға жолдау ➡️ жүргізілген жұмыстың тарихын сақтау.
 
???? *Отырыста қамтылған негізгі модульдер:*
 
* *Оқушылар дерегін енгізу:* Бір оқушыны жеке қосу, Excel үлгісі арқылы жаппай жүктеу және «Ауыстырулар» бөлімі арқылы басқа мектептен келген балалардың деректерін қайталама жазбасыз көшіру.
 
* *Оқушы картасы және бақылаулар:* Тоқсандық (Q1–Q4) бақылау карточкаларын толтыру, іс-шараларды тіркеу және әрекеттер тарихын жүргізу.
 
* *Сапалы ақпарат:* Практикалық кейстер талданып, ақпарат сапасының негізгі қағидалары пысықталды.
 
Білім беру процесін цифрландыру — жұмысымызды жеңілдетіп, тиімділікті арттырады! 
Новости