back-image
"Қарой жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Қарой жалпы білім беретін мектебі" КММ
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
08-05-2026 15:02
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
Қарой ЖББМ-де 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай кең көлемді мерекелік іс-шара ұйымдастырылды ????????
 
Мерекелік кеш барысында оқушылар ұлттық киім киіп, қазақ халқының және елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің билерін билеп, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Әсем әуен мен жарасымды қимылдар көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
 
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға бірлік пен татулықтың маңызын түсіндіру, әртүрлі мәдениеттерге құрметпен қарауға тәрбиелеу болды. Кеш өте әсерлі өтіп, қатысушылар мен көрермендердің есінде жарқын сәт ретінде қалды.
 
Осындай игі шаралар арқылы оқушыларымыздың өнері шыңдалып, елге деген сүйіспеншілігі арта берсін! ✨:
Новости