Тазалық туралы story book
Тазалық туралы story book ????
Қарой жалпы білім беретін мектебінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында оқушыларға арналған шағын сторибук әзірленді.
???? Мақсаты:
– Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру;
– Тазалық пен экологиялық мәдениетті ертегі арқылы түсіндіру;
– «Тазалық – өзіңнен басталады» деген ойды бала санасына сіңіру.
Сторибукта қарапайым кейіпкерлер арқылы тазалықтың маңызы жеңіл әрі қызықты тілде жеткізілді. Балалар оқи отырып, қоршаған ортаны аялаудың қаншалықты маңызды екенін түсінеді.
✨ Кітап – тәрбие бастауы, ал тазалық – мәдениет айнасы! @bilimboliminura