Менің болашақ мамандығым
Мамандық- бір қарағанда жәй нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бүкіл саналы ғұмырымыздың айнасы. Жүрек қалауыңмен таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеу – өмір сүрудің материалдық қана емес, моральдық та көзі. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек екені жайында тағы бір рет оқушылардың санасына сіңірдік.
13 қазан күні аудан орталығындағы «Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп (РО)» КММ-де өткізілген «Менің болашақ мамандығым» тақырыбындағы психологиялық тренингке Қарой ЖББМ 11-сынып оқушыларымен қатысып қайттық. Тренинг барысында оқушыларымыз өздерінің болашақ мамандықтары жайында ойларын ортаға салып, мамандықтар жайында постер қорғап, өзге мектеп оқушыларымен бөлісіп, психологиялық көмек алып қайтты.