back-image
"Қарой жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Қарой жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Наурыз" мейрамы
26-03-2024 09:06
«Наурыз

Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған «Наурыз" мейрамы Қарой ауылында да жоғары деңгейде тойланды. Ауылымыздың мәдениет үйінде "Қош келдің, Әз Наурыз, Қарой ауылына" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Қарой ауылының әкімі Абенов Сағындық Жанғазыұлы мен «Қарой» ЖШС басшысы Приб Виктор Эмильянович және Қарой ЖББ мектеп директоры Туякова Нурсулу Болатовналардың құттықтау сөзімен басталған іс-шара әртүрлі ойындар мен концерттік бағдарламалармен жалғасын тапты. Іс-шара барысын жұдырықтай жұмыла білген Қарой ЖББ мектеп ұжымы ұйымдастыра отырып, келген көрермендер мен қонақтарды дәстүр бойынша Наурыз көжемен қарсы алып, ыстық бауырсақ пен палау ұсынып, дәм ауыз тигізді. Сонымен қатар исі мен дәмі тіл үйірер арзан бағада кәуап сатылды. Ұлттық ойындарымыз симболына айналған «Қол күрес»,«Кір көтеру»,«Арқан тартыс»  сияқты спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. Келген қонақтар мектеп оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламаларын тамашалады. Концерт соңында лотерея ойнатылып, бабы мен бағы шапқан ойыншылар қымбат заттарды арқалап, риза көңілмен тарқасты

Новости