Р. Қошқарбаев атындағы ЖББ мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аралық емтихан өткізілді.
Бүгін, 28.05.2026 ж., Р. Қошқарбаев атындағы ЖББ мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аралық емтихан өткізілді.
Емтиханға 7-сынып бойынша емтихан алушы – Балмағанбетова Т.Б., 6-сынып бойынша емтихан алушы – Карпықбаева Ж.А. жауапты болды.
Емтихан басталар алдында мектеп директоры Макус В.С. оқушыларға сәттілік тілеп, оларға демеу сөздерін айтып, жақсы нәтиже көрсетуге сенім білдірді. Сонымен қатар, мектеп психологы Мусабекова Ш.Г. оқушыларға емтихан кезінде өздерін сабырлы ұстау, уақытты тиімді пайдалану және қобалжымау жөнінде психологиялық кеңестер берді.
Емтихан талапқа сай, ұйымдасқан түрде өткізілді.