11-сынып оқушылары үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мемлекеттік емтихан өткізілді.
2026 жылғы 15 маусым күні Р. Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте 11-сынып оқушылары үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мемлекеттік емтихан өткізілді.
Емтихан алдында мектеп психологі түлектермен кездесіп, олардың емтиханды алаңсыз әрі сенімді тапсыруына бағытталған психологиялық қолдау жұмыстарын жүргізді. Әңгіме барысында оқушыларға қобалжуды жеңу, өз мүмкіндіктеріне сену және емтихан кезінде жинақылық таныту жөнінде кеңестер берілді.
Сондай-ақ мектеп директоры түлектерге ақ жол тілеп, емтиханнан жоғары нәтижелер көрсетуіне тілектестік білдірді. Ол оқушылардың көп жылғы еңбегі мен алған білімдерінің жемісті болатынына сенім артып, алдағы өмір жолдарына сәттілік тіледі.
Мемлекеттік емтихан талапқа сай ұйымдастырылып, оқушылар өз білімдері мен дайындық деңгейлерін көрсетуге мүмкіндік алды. Түлектер емтиханға жауапкершілікпен қатысып, жақсы нәтижелерге ұмтылды.