back-image
"Р. Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Открытие кабинета- музей истории - Рахимжан Кошкарбаев — символ мужества, патриотизма и верности Родине.
17-10-2025 13:21
Открытие кабинета- музей истории - Рахимжан Кошкарбаев — символ мужества, патриотизма и верности Родине.
2025 жылдың 19 қазан күні мектебімізде Ұлы Отан соғысының батыры, Рейхстагқа ту тіккен ержүрек жауынгер Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 101 жыл толуына орай елеулі шара ұйымдастырылды. Осы атаулы күнмен қатар, жаңадан жабдықталған тарих кабинеті ішінен Рақымжан Қошқарбаевқа арналған мұражайдың ашылу салтанаты өтті.
Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздар Рақымжан Қошқарбаевтың ерлік жолына шолу жасап, тарихи деректер мен көрнекі материалдарға бай көрме тамашаланды.Сонымен қатар, жаңа тарих кабинетіне арналған жиһаздармен және көрнекі құралдармен жабдықталды.
Бұл кабинет — жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге арналған тың бастамалардың бірі. Кабинетте еліміздің тарихын тереңдетіп оқуға, архивтік материалдармен жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған.
Рақымжан Қошқарбаев – халқымыздың мақтанышы, ерліктің мәңгілік символы. Оның есімі мен ерлігі бүгінгі және келер ұрпақ үшін өнеге болып қала бермек.
 
Новости