back-image
"С.О.Талжанов атындағы жалпы білім беру мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "С.О.Талжанов атындағы жалпы білім беру мектебі" КММ
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ АПТАЛЫҒЫ ашылды!
02-03-2026 22:38
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ АПТАЛЫҒЫ ашылды!
02.03.2026ж С.О.Талжанов атындағы ЖББ мектебінде “ЗАМАНУИ БІЛІМ: АДАЛ АЗАМАТ ЖӘНЕ КІТАП ОҚУ МӘДЕНИЕТІ”  ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ АПТАЛЫҒЫ ашылуына арналған салтанатты саптық жиын өтті.
 
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ адалдық пен азаматтық құндылықтарды насихаттау.
 
Жиын барысында апталықтың жоспары таныстырылып, оқушыларды белсенділікке, білімге құштарлыққа және кітапты серік етуге шақырды. Ұстаздар мен білім алушылар оқу сауаттылығының маңызы туралы ой бөлісіп, заманауи білімді, адал әрі парасатты ұрпақ тәрбиелеу – басты міндет екені атап өтілді.
 
Апталық аясында түрлі танымдық іс-шаралар, байқаулар мен әдеби кездесулер ұйымдастырылып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және кітап оқу мәдениетін нығайтуға бағытталған жұмыстар жүргізілетін болады.
 
Оқу сауаттылығы апталығы жас ұрпақтың рухани дамуына серпін беріп, білімге деген ынтасын арттырады деп сенеміз.
#нұрабілімбөлімі
#талжановатындағыжббм
Новости