"Құқықтық сауаттылық апталығының" ашылуы өтті
12-қантар күні С.О.Талжанов атындағы ЖББ мектебімізде "Құқықтық сауаттылық апталығының" ашылуы өтті. Білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және заң талаптарын сақтауға жауапкершілікті арттыруға бағытталған айлық пен бірге апталық басталды.
Айлық аясында сынып сағаттары, профилактикалық әңгімелер, мамандармен кездесулер, тақырыптық іс-шаралар мен акциялар өткізу жоспарланған. Олар келесі мақсаттарға бағытталған:
✔ заңға құрметпен қарауды қалыптастыру
✔ құқықтық сана мен жауапкершілікті дамыту
✔ балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
#құқықбұзушылықтың_алдын_алу
#нұраауданыбілімбөлімі
#адал_азамат
#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg