«Ең үздік күнделік»
Мектебімізде «Ең үздік күнделік» байқауы өтті!
Оқушылардың жауапкершілігін арттыру және күнделікті жүйелі жүргізу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Ең үздік күнделік» конкурсы жарияланған болатын.
ІІІ тоқсанның соңында оқушылардың күнделіктері қайта тексеріліп, нәтижелері шығарылды. Бағалау барысында күнделіктің толықтығы, ұқыптылығы, дұрыстығы және жүйелілігі ескерілді.
Осындай байқаулар оқушылардың тәртіптілігі мен жауапкершілігін арттыруға үлкен ықпал етеді. Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! 