Саптық жиын
???? Саптық жиын өткізілді!
Жараспай жалпы білім беретін мектебінде кезекті саптық жиын өткізілді. Жиын барысында 2026–2027 оқу жылының 23–27 қараша күндері аралығында 1–4 сыныптар арасында ұйымдастырылатын «Бастауышым – бастамам, білім жолын бастаған» атты апталықтың ашылуы жарияланды.
Апталықтың мақсаты мен міндеттері таныстырылып, оқушылар алдағы жоспарланған іс-шаралармен хабардар етілді.
Бастауыш білім – білімнің алғашқы баспалдағы! Апталыққа қатысушыларға сәттілік тілейміз!