back-image
"Жараспай жалпы білім беретін мектебі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Жараспай жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Еңбегі адал жас өрен" жобасы бойынша кездесу тақырыбы "Мамандықтың бәрі жақсы"
23-01-2026 13:10

Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасының еңбегі адал жас өрен жобасын жүзеге асыру мақсатында өнегелі өмірді жастарға үлгі ету үшін "мамандықтың бәрі жақсы" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге шақырылған қонақтарымыз ауылымыздың көптеген жылдар бойы жүргізуші болып жұмыс істеп келе жатқан Жүсіп ағайымыз бен ауылымыздың үлкендерді қарайтын медбикеміз Айгүл Алпысбайқызы болатын. Келген конактарымызға оқушыларымыз өз мамандықтарының қыр сыры, жұмыстағы қиыншылықтар мен қызықты сәттер туралы, жұмыстағы жауапкершілік пен нәтиже қандай болатыны жайлы сұрақтар қойылуы арқылы кездесуімізді одан әрі өрбітті. Кездесуге оқушылар асқан қызығушылықпен және белсенділікпен қатысты. Соңында конактарымыз мектеп оқушыларына ақыл кеңестер айтып, алдағы оқуларына сәттілік тіледі және мамандықты дұрыс таңдау керектігі жайлы айтып өтті.

#АдалАзамат
#Еңбегіадалжасөренжобасы
#жараспайжббм

Новости