Табиғат аясындағы тамаша күн!
Бүгін “Балдаурен” лагерінің балалары табиғатпен етене араласқан ерекше күн өткізді — жазғы паход (жорық, серуен)!
Балалармен бірге таза ауада серуендеп, орман ішін аралап, қызықты ойындар ойнап, табиғатты тамашаладық.
???? Далада дайындалған жеңіл ас ішіліп, ән мен әңгімеге толы шаттықты сәттер өтті.
???? Бұл жорық — табиғатты сүюге, бірлік пен ұйымшылдыққа, шыдамдылық пен сергектікке тәрбиелейтін тамаша тәжірибе болды.
???? Жорықтан естелік суреттер, жылы естеліктер қалды.
Балалар үшін бұл күн — шынайы бақыт пен еркіндікке толы болды!