Әр сәті естен кетпес мереке! ????????
Әр сәті естен кетпес мереке! ????????
Бүгін мектебімізде «Бастауышпен қоштасу» атты әсерлі әрі жүрек толқытқан іс-шара өтті. 4-сынып оқушылары алғашқы ұстаздарына алғыстарын айтып, бастауышпен қоштасып, жаңа білім белесіне қадам басты.
Ән шырқалып, би биленіп, естеліктер айтылған бұл кеш – оқушылардың есінде мәңгі сақталатыны анық. ????
Ұстаздар мен ата-аналардың жүрекжарды тілектері, бүлдіршіндердің шынайы сезімі – бәрі осы күнді ерекше етті.
Кішкентай ғана баладан білімге құштар тұлғаға айналған шәкірттерімізге тек сәттілік тілейміз! ✨
Алда – үлкен өмір жолы, жарқын болашақ!
#БастауышпенҚоштасу #МектепӨмірі #Түлектер2025 #АлғашқыҰстаз #ЖылыСәттер