Жараспай жалпы білім беретін мектебінде Пиза халықаралық зерттеу жұмысы өтті.
Жараспай жалпы білім беретін мектебінде 6 желтоқсан күні “Мектептерге арналған “PISA” халықаралық зерттеу жұмысы” өтті. PISA халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша оқу сауаттылық, математикалық сауаттылық және ғылыми-жаратылыстану пәндерінен тест тапсырылды. Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша PISA Халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шеше білу құзіреттіліктерін бағалауға бағытталған.