М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп-гимназиясының 9 «А» сынып оқушыларымен «Буллингтен қорған!» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Сабақ барысында оқушылар буллингтің түрлері, оның адам өміріне тигізетін әсері және одан қорғану жолдары туралы маңызды ақпарат алды. Сондай-ақ жедел жәрдем нөмірлері мен сенім телефондары жайлы түсіндірме беріліп, қиын жағдайда көмек сұраудың маңыздылығы айтылды.
Оқушылар жұптық жұмыстар арқылы жағдаяттарды талдап, өз ойларын ортаға салды. Мұндай тәрбиелік іс-шаралар оқушылардың мейірімділікке, сыйластыққа және жауапкершілікке тәрбиеленуіне ықпал етеді.