Сабақ барысында “Миға шабуыл” әдісі негізінде оқушыларға буллингке қатысты сұрақтар қойылып, жан-жақты жауаптар алынды. Содан кейін балаларға әр түрлі жағдаяттар ұсынылды: буллинг құрбаны болу, әр түрлі буллинг көрінісінің куәгері болу, т.с.с. Оқушылар осы жағдайларда өздерін қалай ұстайды, қатыгез тарапқа қалай қарсы тұруға болады, қиын жағдайда кімнің көмегіне жүгінеді - осы және т.б. мәселелерді талқылап, тұшымды жауаптар берді. Сабақтың соңында оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, ренжітіп алған сәттері үшін кешірім сұрады.

