back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
10-сынып оқушыларымен «Буллингтен қорған!» / «DosbolLIKE» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
20-04-2026 16:33
10-сынып оқушыларымен «Буллингтен қорған!» / «DosbolLIKE» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағаты мектеп психологы Сүлейменов А.Ж. қатысуымен өтті. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға буллинг ұғымын түсіндіру, оның түрлері мен салдарын ұғындыру, қиын жағдайларда өзін қорғау жолдарын үйрету, сондай-ақ өзара құрмет пен қолдау мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ барысында оқушылар буллингтің физикалық, психологиялық және кибербуллинг сияқты түрлерімен танысты. Өмірлік жағдаяттар талқыланып, оқушылар өз ойларын ашық айтып, пікір алмасты. Психолог тарапынан буллингке тап болған жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары мен көмек сұраудың маңыздылығы түсіндірілді.

Сонымен қатар, сабақта темпераменттің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Әр адамның мінез-құлқы мен эмоцияны қабылдауы оның темпераментіне байланысты екені айтылып, холерик, сангвиник, флегматик және меланхолик типтері туралы қысқаша мәлімет берілді. Оқушылар өз ерекшеліктерін түсіну арқылы басқа адамдарға дұрыс қарым-қатынас жасаудың, бір-бірін қабылдаудың маңызын ұғынды. Бұл өз кезегінде буллингтің алдын алуға ықпал ететіні атап өтілді.

Сынып сағаты интерактивті форматта өтті. Оқушылар түрлі жағдаяттарды талдап, топтық жұмыстар орындады, «DosbolLIKE» қағидалары арқылы достық, қолдау және қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызын түсінді.

Новости