Бұл күні балаларға табиғатты қорғау, қоршаған ортаны аялау туралы түсініктер беру мақсатында түрлі қызықты ойындар мен тапсырмалар ұйымдастырылды.
Күн «Таңғажайып су» тақырыбындағы ойындармен басталды. Балалар судың қасиеттерімен танысып, оның адам өміріндегі маңызын түсінді. «Табиғаттан қорғаныс» ойыны барысында балалар табиғатты қорғау жолдарын талқылады.
Сонымен қатар, «Тірі ме, әлде өлі ме?» дидактикалық ойыны арқылы тірі және өлі табиғаттың айырмашылықтарын ажыратып үйренді. «Тірі – қозғалады, өлі – тоқта» қимылды ойыны балалардың белсенділігін арттырып, білімдерін бекітуге көмектесті.
Күннің соңында «Планетаны құтқару» квест ойыны ұйымдастырылып, балалар тапсырмалар орындау арқылы экологиялық мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. «Жансыз табиғат объектілерімен танысу» іс-әрекеті арқылы табиғаттағы түрлі заттар туралы білімдері толықтырылды.
Жалпы, екінші күн өте мазмұнды әрі қызықты өтті. Балалар табиғатты қорғау туралы көптеген пайдалы мәлімет алып, өз білімдерін ойын арқылы нығайтты.


