back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
Назар аударыңыз!
17-04-2026 16:16
Назар аударыңыз!

Құрметті ата-аналар!
Нұра ауданы білім бөлімі оқу жылының аяқталуына байланысты келесі маңызды талаптарды назарларыңызға ұсынады.
Педагогикалық әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге, тәрбиешілерге қандай да бір сыйлық ұсынуға, ақша жинауға қатаң тыйым салынады. Сонымен қатар аниматорларды, мерекелік агенттіктерді шақыруға жол берілмейді.
Мектеп немесе балабақша қажеттіліктеріне (жөндеу жұмыстары, шаруашылық заттар және т.б.) қаражат жинауға, сондай-ақ ата-аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға рұқсат етілмейді.
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік шеруін ұйымдастыруға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға және басқа да орындарға баруға тыйым салынады.
Оқу жылының аяқталу кезеңінде:
– оқушылар мектеп формасын сақтауы тиіс;
– тәрбиеленушілер белгіленген тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін ұстануы қажет;
– барлық білім алушылар тәртіп пен жауапкершілік танытуы міндетті.
Аталған талаптар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әділдік қағидаттарын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында енгізілген.
Түсіністік танытып, талаптарды қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.
Нұра ауданы білім бөлімінің басшысы Д.Ж.Такишев

Новости