«Кішкентай тәртіп сақшылары» атты көңілді квест шағын орталық тәрбиеленушілері арасында өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – балаларға қауіпсіздік ережелерін үйрету, құқықтық сауаттылықтарын арттыру және тәртіп сақшысы мамандығына қызығушылықтарын ояту болды.
Квест барысында балалар бірнеше бекеттерден өтіп, әртүрлі қызықты тапсырмаларды орындады. Атап айтқанда, жол белгілерін ажырату, қауіпсіздік ережелеріне байланысты сұрақтарға жауап беру, сондай-ақ рөлдік ойындар арқылы тәртіп сақшыларының қызметімен танысты. Әрбір тапсырма балалардың ойлау қабілетін дамытып, жылдам әрі дұрыс шешім қабылдауға үйретті.
Іс-шара өте көңілді әрі тартымды өтті. Балалар белсенділік танытып, тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындады. Квест соңында барлық қатысушылар мадақталып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар балаларды тәртіптілікке, жауапкершілікке және қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулиды.