Байқаудың басты мақсаты — өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және талантты оқырмандарды анықтау. Білім додасына аудан мектептерінен 6-10 сынып аралығындағы ең үздік оқырмандар қатысып, бақ сынасты.
Аталмыш сында М. Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының оқушылары жоғары дайындық пен зеректік танытып, жүлделі орындарды иеленді:
• ???? Бағдаулет Нұрасыл (6-сынып) — І орын;
• ???? Уябекова Камила (8-сынып) — І орын;
• ???? Дәулетбек Жанарыс (8-сынып) — ІІ орын;
• ???? Қалықберген Ақтоты (7-сынып) — ІІІ орын.
Жеңімпаздар арнайы дәрежелі дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Мектеп мерейін үстем еткен оқушыларымыз бен олардың жетекшілерін жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!