9 «А» сынып оқушыларымен «Мамандық пен еңбек таңдауы — болашаққа бастар жол» тақырыбында тәрбие сағаты
М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп-гимназиясында 9 «А» сынып оқушыларымен «Мамандық пен еңбек таңдауы — болашаққа бастар жол» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Сағаттың мақсаты — еңбектің адам өміріндегі маңызын ұғындыру және өз қабілеттеріне қарай дұрыс таңдау жасауға баулу. Шара барысында оқушылар болашақ кәсіп иелері ретінде өз ойларын ортаға салып, мамандық әлеміне саяхат жасады және селфи жасау барысындағы қауіпсіздік қағидаларымен танысты.