“Кітап оқитын мектеп” байқауының мектепішілік кезеңі
М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп - гимназиясында “Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында “Кітап оқитын мектеп” байқауының мектепішілік кезеңі өтті.
Аталған байқаудың басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, сондай-ақ олардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Нәтижесінде, мектепішілік кезең қорытындысы бойынша үздік оқушылар анықталып, марапатталды.
