back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Білім — мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» атты танымдық сынып сағаты
08-04-2026 15:00
«Білім — мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» атты танымдық сынып сағаты

М. Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 11-сынып оқушыларына арналған «Білім — мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» атты танымдық сынып сағаты өтті. Маңызды шараның негізгі мақсаты — өскелең ұрпаққа Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының мазмұны мен ондағы құқықтық өзгерістерді терең түсіндіру, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың бойында азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды.
Ақпараттық сағат барысында оқушыларға еліміздің Ата Заңындағы басым бағыттар мен мемлекеттік саясаттың білім беру саласындағы жаңа қадамдары туралы жан-жақты дәріс оқылды. Дәріс барысында білімнің ұлттық құндылық ретіндегі рөлі мен әрбір азаматтың құқықтық міндеттеріне ерекше назар аударылды. Оқушылар тақырып төңірегінде өзара пікір алмасып, өз ойларын ашық ортаға салды. Бұл кездесу болашақ түлектердің қоғамдық өмірге белсене араласуына және жаңа Қазақстанның құндылықтарын терең ұғынуына септігін тигізді.

Новости