back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Кітап – рухани қазына» атты сынып сағаты аясында танымдық викторина өткізілді.
30-03-2026 16:50

???? 30.03.2026 ж
М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп-гимназиясында 5”А” сынып оқушыларының және мектеп кітапханашысы Жаншина З.Д. қатысуымен
«Кітап – рухани қазына» атты сынып сағаты аясында танымдық викторина өткізілді.
Мектепте кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ерекше сынып сағаты өтті. Оқушылар «Алғырлар» және «Тапқырлар» топтарына бөлініп, нағыз білім додасына түсті.
Викторина 4 кезеңнен тұрды:
1-кезең – «Кітаптың шығу тарихы және логикалық сұрақ-жауап»;
2-кезең – «Мақал-мәтелдерді жалғастыр»;
3-кезең – «Кейіпкерді тап»;
4-кезең – «Кітап емханасы» (кітапты күту ережелерін жазу).
Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетіп, кітапқа деген қызығушылықтарын арттырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды кітап оқуға баулу, рухани құндылықтарды дәріптеу.
Соңында марапаттау рәсімі өткізіліп, жеңімпаздарға медальондар табысталды. Барлық қатысушыларға естелік ретінде кітап бетбелгілері сыйға тартылды.

Новости